Құрметті серіктестер,
Мен Сіздерге «NIKOS» компаниясын ұсынамын.
«NIKOS» Халықаралық консалтинг компаниясы (ХКК) – қазақстандық және шетел ұйымдары, өкілдіктері, компаниялары, кәсіпорындар мен ШОБ өкілдері үшін сыртқы экономикалық қызметі саласында консалтинг қызметтері кешенін ұсынатын жоғары кәсіби Команда.
Компания халықаралық және ұлттық кедендік реттеу, құқық қолдану (заңи сүйемелдеу), сондай-ақ салықтық және кеденден кейінгі тексерулер мәселелері бойынша сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
«NIKOS» ХКК, «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың еуразиялық одағы» Қауымдастығының («СЭҚҚЕО» ЗТБ) тұрақты мүшесі, «АТАМЕКЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аккредиттелген мүшесі бола отырып, біздің клиенттерге мемлекеттік шекарамен шектелмеген, халықаралық деңгейдегі қызметтер ұсынады.
Компанияның мамандары мен сарапшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетенің Жұмыс және Сарапшы топтары құрамына кіреді; Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының (ЕАЭО) кедендік реттеу және кедендік әкімшіліктендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Еуразиялық экономика комиссиясының (ЕЭК, Мәскеу қ., РФ) отырыстарына қатысады. Сондай-ақ, Компания Еуразиялық экономикалық одағының (ЕАЭО) сотында дауалы мәселелерді шешуде оң тәжірибеге ие болды.
«NIKOS» ХКК-нің кәсіби әрі сапалы қызметінің негізі – бұл клиенттермен ұзақ мерзімді және сенімді қарым-қатынастар орнату. Біз идеяларды жүзеге асыру барысында сүйемелдеу арқылы оларды нақты жобаларға айналдыруға көмектесеміз. Сіздің жобаларыңыздың әрқайсысына тек қана жеке тәсілдер қолдана отырып, Сізге әрқашан кеңес беруге, жобаларыңызды қолдап, сүйемелдеуге дайынбыз.
Сізге және Сіздің қызметіңізге қолдау көрсетуге қуаныштымыз.
Ізгі ниетпен,
Курмангалий Муратович Алдабергенов,
«NIKOS» ХКК-нің Бас директоры